«Ақ әжелер әуені» фестивалі өтті

17.jpg

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Ақ әжелер әуені» фестивалі өтті. Бұл туралы Сарыағаш аудандық  Мәдениет үйі хабарлады. 

Фестивалге 16 әжелер тобы қатысты. 122 әже сахна төрінде өнер көрсетті.  Фестивалге арнайы қатысқан аудандық мәдениет бөлімінің басшылары шара маңыздылығына тоқталып, қатысушы аналарға өз алғысын жеткізді. Барлық қатысушы топтар арнайы диплом, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, іс-шарада көпшілікті өнерімен тамсандырған әжелер тобы арнайы номинациялардың иегері атанды. Мәселен Жаңатұрмыс ауылдық клубының "Ақ әжелер" тобы қатысып, "Әсерлі үнді әжелер" номинациясымен Сарыағаш аудан әкімінің дипломымен марапатталды.  Әлімтау ауылдық клубының жанынан құрылған "Қазына"әжелер тобы "Сәулем-ай"халық әнін нақышына келтіре орындап "Өнегелі әжелер"номинациясымен марапатталды. Ал  Жылға ауылдық округі әжелері «Асыл әжелер» тобы «Ардақты әжелер» номинациясымен марапатталды.

Әжелердің өнерін, өнегесін паш ететін осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.  


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Ақ әжелер әуені» фестивалі өтті