Жастармен өткен жарқын кездесу

16.jpg

Түркістан облысы жастарының әлеуметтік белсенділігінің арттыруға бағытталған «Birgemiz Turkistan» жобасы мен облыстық «Jas Otan» жастар қанатының 2021-2025 жылдарға арналған жол картасындағы индикаторларды жүзеге асыру бойынша Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында орналасқан №12 кәсіптік колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығы хабарлады. 

Кездесуге Түркістан облысы "Жас Отан" ЖҚ төрағасы,Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Жуман Жансерік Бауыржанұлы, Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Керімбекова Әйгерім Ерланқызы, Байгабулова Нұрсулу Төрегалиқызы және Сарыағаш аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы, "Жас Отан" ЖҚ төрағасы Отаров Нұрғали Жарқынбайұлы қатысты.

Мақсат – жастар арасындағы жұмыссыздың деңгейін төмендету, оларды спортқа баулу, құқықбұзушылықтың алдын-алу мен оған мүлдем төзбеу қағидасын қалыптастыру. 

Кездесуде жастармен ой бөлісіп, семинар тренинг өткізілді.

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Jas Otan» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған.

Ұйымның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері жұмыс істейді. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жастармен өткен жарқын кездесу