Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды
Сарыағаш ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен №66 Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінде оқушыларымен кездесу болып өтті.
Кездесуге Сарыағаш аудандық Полиция бөлімі ювеналды полиция инспекторы Б.Ахметов, Сарыағаш қаласы әкімдігінің жастар маманы Ш.Зиябеков , «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері Н.Исабаев қатысты.
Жасөспірімдер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, кұбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе, сенімді, кауіпсіз ошақ болса, казіргі кезде, жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік әсерінен үлкен мәселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару, т.б.), итермелуші себептерінің біріне айналып отыр. Көптеген экономикалық — саяси мәселелердің пайда болуы, сенімсіздіктің тууына, көптеген наразылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың орын алуына жол бермеу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткен кездесу барысында оқушылар сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.