«Берен» (БАТСУ) ЖШС Шымкентке 3 млрд теңге инвестиция құймақ

Screenshot_26.jpg

Қала көркін ашуда инвесторлар көп рөл атқарады. Олар қалаға өз бюджеттерінен қаржы бөліп, көптеген заманауи нысандар салады. Бұл нысандар халық пайдалануына беріліп, бюджеттке салық түседі. Инвестор арқылы қалаға қаржы көзінен бөлек, туристер де көптеп ағылады. Сондықтан да инвесторға қолайлы жағдай жасап, қалаға қаржы бөлуіне әрекет еткен абзал.

Осы орайда Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы Игілік тұрғын алабында «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі жеке инвестор есебінен салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді. 

Тұрғын үй кешені жеке инвестор «Берен» (БАТСУ) ЖШС есебінен салынуда. Жоба құны – 3 млрд теңге. 5 қабатты 4 тұрғын үйдің жалпы алаңы – 12 мың шаршы метр.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың 3 тоқсанында басталды. Жеке инвесторлар құрылысты  2022 жылдың 2 тоқсанында аяқтауды жоспарлауда.  Бас мердігер «СК Стройиндустрия» ЖШС алты айда баспана кілтін тұрғындарға табыс етпек. 

Қала әкімі нысандардың сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін жіті қадағалауды тапсырды.