Экономиканы дамытуда «Халық қатысатын бюджет» жобасы жемісін беруде
Қала экономикасын дамытуд, қаржыны үндемдеп ұстауда қала билігі ғана емес, тұрғындары да бірлесе ат салысса жөн болады. Себебі қала тұрғындары қай салаға, қай жерге қаржы керек екенін бес саусағындай біледі. Халық пен әкімдік бірлесе жұмыс істегенде алынбайтын қамал болмайды.
Осы орайда Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асырылуда.
Еңбекші ауданында осы жоба шеңберінде 56 көпқабатты үйдің ауласын жаңартуға бюджеттен қаржы бөлініп, қазір 24 көпқабатты үйдің ауласы абаттанды. Қалған 32 үйдің ауласында бүгінде абаттандыру жұмысы жүргізілуде.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аудандағы Ш.Уалиханов көшесіндегі №225, 225а, 227, 227а көпқабатты үйлердің ауласындағы балалар ойын алаңшасы мен тренажер, стрит-воркаут алаңшалары пайдалануға берілді. Алаңшалардың ашылуына қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысып, тұрғындардың қуанышына серік болды.
Аудан тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру үшін «Build stroy» мердігер мекемесінің демеушілігімен «Ғажайып бақ» демалыс орны мен бақша құрылды. Онда балаларға гүл, ағаш, басқада көшеттер отырғызып, тәлім-тәрбиелік бағытта еңбекке баулу көзделген.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, 2022 жыл абаттандыру жұмысы «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде жүзеге асырылады.