Түркістан облысы аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді

Screenshot_17.png

Түркістан облысында соңғы тәулікте 2 адам КВИ аурушаңдықпен тіркелген. Бүгінге дейін 1 262 036 ПТР сынамасы алынған.Бұл туралы Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі алаңында өткен жиында облыстық Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Алтын Досанова айтты. 

Мамандардың мәліметінше облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді.

Бірінші компонентпен 1 047 229 адам вакцина салдырды. Ал екінші құрамды 1 044 929 адам қабылдады. Ревакцинацияны 381 736 адам алды.

Жалпы Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының І компонентін –187 515 адам, II компонентін – 135 810 адам қабылдаған.