"АҢСАҒАН СӘБИ" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КВОТА БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

Screenshot_8.png

Бүгінде елімізде бедеулік дерті белең алшып келеді. Сәби үнін аңсаған қаншама отбасы эконың көмегіне жүгінуде. Елімізде жұбайлардың 20 пайызы дәл осы мәселеге тап келеді. Дәл осы мәселені шүешу мақсатында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы эко бағдарламасына тегін жолдама беретін «Аңсаған сәби» бағдарламасаны жолға қойған болатын. Бүгінде бұл бағдарлама жүйелі жүзеге асып келеді. 

Осы орайда отбасыларға бағыт беріп, «Аңсаған сәби» бағдарламасына жолдама беру мақсатында Кентау қалалық емханасында Шымкент қаласында орналасқан «Есоmed» орталығының дәрігерлері арнайы қабылдау өткізді. Қабылдауға 20-дан аса отбасы қатысып, анализге жолдама алды. Толық тексеруден өтіп болған соң «Аңсаған сәби» бағдарламасына кезекке тұрғызылатын болады. Кезегі келген соң ақысыз негізде эко жасалынады.