Кентау қалалық емханасында ашық есік күні өтті.

Screenshot_2.png

Бүгінде жүрек қан-тамыр аурулары статистика бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Жүрек ауруларын ерте диагностикалап, ауыр салдарлардың алдын алу мақсатында Кентау қалалық емханасында ашық есік күні өтті. 

Ашық есік күнінде кардиолог дәрігерлер 150-ден аса науқастартың шағымын тыңдап, тиісті ем тағайындады. Одан бөлек  жүректің ультрадыбыстық зерттеуі жасалынып, кардиограммаға  түсірілді және қандағы холестерин мөлшері тексерілді. Жүрек тұсында қандай да бір ауырсыну, шаншу және ентігу белгілері байқалса тез арада дәрігердің көмегіне жүгінген жөн дейді мамандар. Физикалық қимылдың аз болуы, темекі және алкоголь өнімдерін пайдалану, сонымен қатар түрлі стресттік жағдайлар жүрек ауруларына әкеп соқтыратын факторлардың бірі.

Айта кетейік, Кентау қалалық емханасында «Ашық есік» күндерінің 2 айлық жоспары бекітілген. Әр аптаның жұма күні түрлі тақырыпта ұйымдастырылатын болады. Тұрғындарға алдын ала емхананың әлеуметтік желідегі парақшаларында, сонымен қатар учаскелік дәрігерлері арқылы хабарланады. Келесі «Ашық есік» күні қалаға қарасты Хантағы ауылында ұйымдастырылмақ.