Жастар денсаулығы басты назарда
Ордабасы аудандық орталық аурухана басшысы және орынбасарлары, аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы КММ нің» директоры, «Адами әлеуетті дамыту бөлімінің» басшысы және «Ішкі істер бөлімі» жасөспірімдер инспекторының қатысуларымен «Жас Орда» жастар денсаулық орталығының меморандумы бекітілді.
«Жас орда» ЖДО дәрігерлері атқарылған жұмыстарын көрсетті. Қолайсыз отбасыларды, абсолютті қарсы көрсеткіштері бар отбасында өсіп жатқан балалардың мәліметтері құпия түрде сақталуын және әр отбасымен жеке дара жұмыс жүргізілу тәртібі құрылды. Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, нашақорлықтан сақтану үшін мектеп оқушыларына үнемі ағарту жұмыстары жүргізілу жоспары құрылды.
Жастар денсаулығы орталығындағы мамандар жеткіншектерге психологиялық тұрғыдан жайлы жағдай жасайды және намыс, еркіндік пен құқықтарына құрметпен қарауға, репродуктивті денсаулық, жыныстық гигиена, контрацепция туралы лекция, семинар, дөңгелек үстелдер өткізілетіні баяндалды.