Шымкентте онкологтар бас қосты

Шымкент қаласында Қазақстанның паллиативтік көмек ассоциациясының және Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен “Паллиативтік көмек барысында ауырсынудың терапиясы” атты семинар-тренинг өткізілді. 

Screenshot_16.png

Іс-шараға Түркістан облысының аудандық онкологтары және аудандағы онкологиялық кабинеттің мейірбикелері қатысты. Тренинг барысында онкологиялық ауыр науқастарға паллиативтік күтімді, емді, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетудің барлық тараптары атап айтылды. 

    Бүгінгі таңда елімізде паллиативтік көмек енді дамып келеді. Бұл сала әлі де болса жақсартуды талап етеді. Түркістан облысы бойынша әрбір ауданда паллиативтік күтім бойынша мобильды топ құрылған, жылына 3000-ға жуық көмек көрсетіледі. Отбасында паллиативтік күтімді қажет ететін ауыр науқас пайда болған жағдайда, халқымыз менталитетіне сәйкес, ауруханаға жатқызбай, өз үйінде, туған-туыстары арасында қарауға тырысады. Міне осындай жағдайда мобильды топтың көмегі зор. Сол себепті, бүгінгі семинар-тренингтің мақсаты - мобильды топ мүшелерін оқытып, даярлау. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Шымкентте онкологтар бас қосты