Түркістан облысында соңғы 6 тәулікте КВИ-дің бірде-бір жағдайы анықталмады

Screenshot_17.png

Түркістан облысында соңғы 6 тәулікте КВИ-дің бірде-бір жағдайы анықталмады. Облыстағы инфекциялық стационарларда 900 төсек-орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда 775 төсек-орын бос. 

Пандемия басталғалы індеттің 18 470 жағдайы тіркелді. Оның 9586-да симптом байқалмаған. Облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді. 

Бірінші компонентпен 1 047 309 адам вакцина салдырды. Ревакцинацияны 462 427 адам алды.

Жалпы Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының І компонентін – 205 229 адам, II компонентін – 163 146 адам қабылдаған.