«Ұлттық Ғылыми Хирургия Орталығының» мамандары түркістандық дәрігерлерге шеберлік сағатын өткізді

Screenshot_24.png

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына хирургиялық қызметті талдау және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету, хирургтарды, эндоскопистерді асқазан-ішектен қан кететін науқастар бойынша, сондай-ақ хирургиялық көмек көрсету кезінде өлім жағдайларының себептерін зерделеу үшін А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық Ғылыми Хирургия Орталығы» өз мамандарын жіберді.

Орталық мамандары құрамында О.Т.Ибекенов– стратегиялық блоктың басшысы, хирургиялық қызметтің үйлестірушісі, м.ғ.к., Е.Б.Абдрашев – эндоскопиялық бөлімшенің меңгерушісі, М.С.Нагасбеков – жалпы хирургия бөлімшесінің дәрігері клиникалық аурухананың мамандарына әдістемелік көмек көрсетіп, пациенттерге күрделі эндоскопиялық оталар жасалынды.