Түркістандық хирургтар ерекше ота жасады
Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының Лор бөлімшесі құрамында Бет-жақ хирургиясы тәулік бойы мамандандырылған Бет-жақ патологиясы бар науқастарға жедел және жоспарлы түрде көмек көрсетеді.
Осыған орай жол апатынан жарақат алған науқасқа МӘМС шеңберінде операция жасалынды. Науқастың бет-жақ аймағы бірнеше сүйегінің қосарланып сынуы, айта кетсек, жоғарғы жақ сүйегі, мұрын сүйегі, бет сүйегі және көз асты сүйегінің ығысуымен сынуы, науқаста бет әлпетінің асимметриясы, визуальды қарағанда, жарақат алған бетінде көз алмасы және бетінің төмендеуі байқалады. Ауыз қуысында тістесуі (прикус) жарақат себебінен бұзылған.
Отаны ауруха мамандары мастер класс барысында Өзбекстан Республикасының бет-жақ хирургтары мен бірге жасады. Операцияның ерекшелігі, интубациалы трубка ауыз қуысы және мұрын қуысынан өткізу мүмкін болмады, себебі операцияға кедергі болуына байланысты, интубациалы трубка тіл астынан иек (подбородок) арқылы сыртқа шығарылды. Айта кетерлігі бет-әлпетінен кесілген жоқ. Ауыз қуысы ішінен, субцилиарлы, жарақат алған жара орнынан кіріп, сүйек сынықтары, минипластинка, микровинттер, титанды сетка көмегімен, тістесуі (прикус), көз асты сүйегі, мұрын, бет сүйегі қалпына келтірілді.
Операциядан 6-күннен кейін науқасқа КТ - суреті түсірілді, сүйек сынықтары толық қалпына келтірілген, орнында, науқас дән риза, жағдайының жақсаруымен үйіне қайтарылды.