Шардарада Денсаулық автобусы жолға шықты

Screenshot_37.png

Кеше Шардара Аудандық Орталық Ауруханасы ның онколог-маммолог,эндокринолог,гинеколог,кардиолог, невролог,окулист,хирург,УЗДГ дәрігері, рентгенолог дәрігерлері арнайы Денсаулық автобусымен Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Ақберді және Қуанқұдық ауылынан 90-ға жуық адамдарды профилактикалық тексеруден өткізіп,жағдайы ауыр науқасты үйіне барып көріп, төмендегі ауруларды анықтады:

-көкіректің қатерлі ісігіне қауіпті -1 науқас,

-гемарой 18 науқас,

-варикоз 29 науқас,

-глаукома -5 науқас,

-қант диабеті 4 науқас,

-зоб аурына -6 науқас,

-артериялық гипертензия 3науқас,

-синдром паркинсона 1 науқаста  қауіпті белгілері табылды. 

Бұл науқастар көрсеткішіне қарай Облыстық онкологиялық орталыққа  жолданып және диагнозына қарай Шардара аудандық орталық ауруханасына ота жасап сауықтыруға,Д есепке алып бақылап емдеуге жолданады.

"Енді ауыл тұрғындарына бұрынғыдай емханаға барып кезек күтпей, Денсаулық автобусында Узи аппаратында,Рентген аппаратында, Экг аппаратында,Көз қысымын өлшейтін аппаратқа тегін тексерілу мүмкіндігі жоғары. Тек бар болғаны ауыл емханаңызда тексеруге шақырғанда амбулаторияға дер кезінде келсеңіз жеткілікті. Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейік. Дер кезінде ауруды ерте анықтау не алдын алу арқылы денсаулығымызды сақтаймыз",- дейді шардаралық ақ халаттылар.