Хантағыда ашық есік күні өтті
Ұлт денсаулығы - жарқын болашақ кепілі. Бүгінде денсаулық саласы барынша дамып, жаңа өзгерістер бастау алып келеді. Кентау қалалық емханасының дәрігерлері де тұрғындардың денсаулығын жақсартып, аурулардың алдын алу мақсатында барлық жағдайды жасауда. Емхана басшылығымен түзілген кестеге сәйкес келесі "Ашық есік" күні емханаға қарасты Хантағы ауылдық дәрігерлік амбулаториясында өтті. Онколог, маммолог, кардиолог, хирург, лор, окулист және невропатолог мамандары 250-ден аса тұрғындарды қабылдап, тиісті ем шараларын тағайындады. Одан бөлек жүректі ЭКГ аппаратына түсіріп, қандағы холестерин деңгейі өлшенді. Келген дәрігерлерге ауыл тұрғындары өз алғыстарын білдірді.
Жалпы, "Ашық есік" күндерінің негізгі мақсаты - ауруды дер кезінде анықтап, асқынулардың алдын алу. Келесі ашық есік күні Кентау қалалық емханасында 24 наурыз күні "Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес" күніне орай өткізілсе, 26 наурызда Онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында өтпек.