Кентау тұрғындары туберкулезге тексерілді

Screenshot_9.png

Туберкулез ауруы өкпелік және өкпеден тыс болып екі түрге бөлінеді. Өкпеден тыс құлақ, көз және сүйек туберкулезі де кездеседі. Аурудан сақтану үшін дұрыс тамақтана отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру да өте маңызды. 

Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында Кентау қалалық емханасында ашық есік күні өтті. Ашық есік күні барысында фтизиатр, фтизиопедиатр және пульмонолог дәрігерлер 50-ден аса тұрғынды қабылдап кеңес берді. Одан бөлек флюрографиялық машина халық көп шоғырланатын базар маңына қойылып 80-нен аса тұрғын өкпесін рентгенге түсірілді. Және тұрғындарға туберкулез ауруы жөнінді мәлімет жазылған брошюралар таратылды.

Аурудың алдын алу мақсатында сәби дүниеге келгеннен кейін үйіне шығарылғанға дейін перзентханада жасалынатын БЦЖ екпесінің маңызы зор. Аталмыш екпе календарьға сәйкес ревакцинация жасалынып отырады (30 жасқа дейін) және ревакцинация жасаудан алдын міндетті түрде Манту сынамасы жасалынатын болады.