Түркістан өңірінде бариатриялық хирургияны дамыту жолдарын талқыланды
Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының арнайы шақыруымен Түркістан қаласына мастер-класс өткізу мақсатымен Астана медицина университетінің профессоры, ҚР Бариатриялық хирургтар қоғамының төрағасы Орал Оспанов келді. Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимов профессорды жеке қабылдап, Түркістан өңірінде бариатриялық хирургияны дамыту жолдарын талқылады.
Мастер-класс кезінде 6 науқасқа ота жасау жоспарлануда. Бұл оталар семіздік пен қант диабетіне шалдыққан науқастарға жасалынады. Ота кезінде үлкейген асқазанның мөлшері кішірейтіліп, тікелей аш ішекке жалғанады. Соның нәтижесінде науқастардың салмағы қалыпқа келіп, зат алмасу процесстері тұрақталады. Осы оталарды жасатуға науқастар басқа қалалардан да келген. Мастер-класс Түркістан қалалық орталық ауруханасында өткізіліп жатыр.