Облыстың бас дәрігері тұрғындарды қабылдады

Screenshot_4.png

 Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов кезекті рет тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың ұсыныстары мен арыз-шағым, мәселелері қаралды. Азаматтар емделу, квота және өзге де мәселелерді қозғады. 

Басқарма басшысы олардың өтініштерін назарға алып,  мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Сұрақтарын жауапсыз қалдырмай, бақылауға алды. Заң аясында кеңес берді.