Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Screenshot_13.png

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған Бақытжан Позилов өз өтінішімен қызметінен босады. Бұл туралы ол facebook парақшасында арнайы жазба қалдырды.

Мұндай шешімді жеке жағдайға байланысты қабылдағанын айтқан Бақытжан Жолдасбекұлы жақын адамдарының денсаулығы мен жеке басына көбірек көңіл бөлу керек болғандығын жеткізген. «Соңғы бірнеше ай ішінде мен бірнеше рет еңбек демалысына, жалақысы сақталмайтын демалысқа шықтым. Басқарма басшысы қызметі тұрақты жұмысты қажет ететінін түсінемін, сонымен қатар жедел түрде әртүрлі шешімдер қабылдау мәселесі де бар, осыған байланысты мен осындай шешім қабылдадым» - деген ол өз жазбасында. 

Сондай-ақ, қолдау білдіріп, сенім артқан қала басшылығы мен әріптестеріне алғыс айтқан. Айта кетейік, Бақытжан Жолдасбекұлы Позилов 2020 жылдан бері Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.