БАЙЫЛДЫРДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Screenshot_12.png

Кентау қалалық емханасында бекітілген кестеге  сәйкес халыққа қолжетімді медицнаның сапасын арттыру және ауруларды ерте диагностикалау мақсатында ашық есік күндері өткізілуде. Осыған дейін, Хантағы, Қарнақ ауылдарының және Кентау қаласының  тұрғындары тексерілуден өткен болса, бұл жолы дәрігерлер Байылдыр ауылына арнайы барды. 

Ашық есік күнінде онколог, маммолог, хирург, лор, окулист және невропатолог дәрігерлері 250-ден аса тұрғынды қабылдап тиісті ем-шараларын тағайындап, кеңестерін берді. 

Одан бөлек, МӘМС жүйесі аясында  аппаратуралы диагностикағы жолдама ала отырып, толық тексеруге мүмкіндік барын жеткізді. Және де ашық есік күні барысында тұрғындардың қандағы холестерин деңгейі өлшеніп, жүрек кардиограммасы түсірілді. Тексерілуге келген тұрғындар дәрігерлерге өз алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Жалпы ашық есік күндері ауруларды ерте диагностикалап, асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Бұндай ашық есік күндері 2 айға жуық уақыт бойы емханада өткізіліп келеді. Алдағы уақытта Ащысай ауылдық округінің тұрғындарына арнайы бару жоспарланып отыр. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: БАЙЫЛДЫРДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ