Дәрігерлермен кездесу өтті

Screenshot_5.png

Еңбек, әлеуметтік және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің №2 сараптама бөлімінің басшысы мен мамандарының қатысуымен  Кентау қалалық емханасы дәрігерлерімен бірлескен семинар-кездесу өтті. Кездесу барысында төмендегі мәселелер қаралды: 

1. №2 МӘС бөлімінің 2022 жылдың І-тоқсанында атқарған жұмыстарының қорытындысын талқылау;

2. Мүгедектігі және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау мемлекеттік  қызметін проактивті сырттай куәландыруға жіберілетін науқастар туралы ақпаратты дұрыс және толық толтыру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

3. 2022 жылға негізсіз жолданған науқастар бойынша талдама жұмыстарын жүргізу; 

4. 7 жасқа толған балалардың мүгедектік тобын белгілеу үшін МСЭ-ге уақытылы жолдануын бақылауға алу.

Кездесу барысында жоғарыда аталған мәселелер толық талқыланып, дәрігерлердің қойылған сұрақтарына жауап берілді.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Дәрігерлермен кездесу өтті