«Жандарбек ата» демалыс орны қонақтарға жыл он екі ай қызмет көрсетеді


image.png

Кереметтің бәрі тауда емес пе? Бүгінде туристер дәл осындай әсем, тыныштығы үйлескен тау бөктерінде демалғанды қалайды. Ал мұндай демалыс үшін Төле би ауданы нағыз қажетті өлке.  Туристік аймақта қазір 80-ге жуық демалыс орындары жұмыс істейді. Көбісі тау етегінде орналасқан. Солардың бірі «Жандарбек ата» демалыс кешені. Мұндағы  табиғаттың сұлулығы сүйсіндіріп, таудың таза ауасы тынысыңды аша түседі.

image.png

Үлкен территорияда орын тепкен кешенде жайлы қонақ үйлер, мейрамхана, үлкен бассейн, жазғы тапшандар  бар. Тірі музыкамен үлкен ұжымдарға қызмет көрсете білетін орталық мерекелік кеш ұйымдастыруға тапсырыстар қабылдайды. 

Демалыс орнында  фильмнен алынғандай әсер қалдырады, бірақ олай емес. Мұндағы көрініс киноға қарағанда әлдеқайда жақсы. 

Тамаша табиғатты бағалаушыларға арналған  «Жандарбек ата» демалыс кешені қонақтарға жыл он екі ай қызмет көрсетуге әзір. 

image.png