Белсенді, бірақ зиян

Screenshot_8.jpg 

Құрамында белсендірілген көмірі бар өнімдер бірнеше жыл бұрын үлкен трендке айналды. Қазір көмірді не болса соған қоса беретін болдық. Мәселен: үйге қажетті тұрмыстық-химиялық заттардан бастап, косметика, тағамға дейін... Тіпті қара көмір қосылған құймақ пен, балмұздақты да кездестіруге болады. Алайда асқа қосылған қара көмірдің пайдасынан зияны көп дейді мамандар. Белсендірілген көмірдің ағзадан зиянды заттарды шығаратыны белгілі. Бірақ ол токсиндермен қатар ағзадағы пайдалы дәрумендер мен ферменттерді де ыдыратып жібереді екен. Салдырынан біздің ішектеріміз зардап шегеді. Сондай-ақ белсендірілген көмір өзге дәрілік препараттардың сіңімділігін, пайдасын бірнеше есеге төмендететін көрінеді. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Белсенді, бірақ зиян