Сәбиді неліктен қызыл, сары түсті ойыншықпен ойнату керек?
Әдетте ата-аналар жаңа туған нәрестені түрлі-түсті киіндіруге, төсегінің айналасын әралуан түстермен безендіруге құмар. Алайда дүниег есігін жаңа ашқан бала алғашқы айларында түстерді мүлдем ажыра алмайды. Мамандар сәби ең алғаш рет қызыл түсті көре алатынын айтады. Содан кейін сары түсті ажыра алады екен. Бұл процесс шамамен сәбидің 4-5 айлығында орын алады. Сондықтан окулист мамандар ата-аналарға алғашқы айларда сәбиге дәл қызыл және сары түсті ойыншықтармен көбірек ойнатуға кеңес береді. Бұл баланың өзге де түстерді тезірек ажыра алуына септігін тигізетін көрінеді.