Медициа және менеджмент: Пандемия кімдері миллиардер етті?
Freedom house сайын 190-ға жуық мемлекеттің ЖІӨ көрсеткішін есептеп, рейтинг түзеді. АҚШ-тың сандары өрге домалап, ылғи көш басынан көрінетін. Бұл жылғы нәтиже бөлек. Мұнайға, технологияға байланысты салалар өзекті емес. Медциана саласында индустриясын бір ізге келтірген елдер көшбасшыға айналған. Әрі ең бай адамдардың рейтингін түзетін Forbes жаңа есімдермен толыққан. Жаңа миллиардерлер коронавирус вакциналары, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектерге арналған ыдыс жасайтын компанияларға иелік етеді.
Бұл адамдардың дәулеті коронавирусқа қарсы егілетін вакциналар акциясының өсуіне байланысты артқан. Жаңа миллиардерлердің көпшілігі вирустың алғашқы ошағы болған Қытайда тұрады.
Угур Шахин (Германия)
BioNTech неміс биотехнологиялық компаниясының бас директоры. Компания АҚШ-тың Pfizer компаниясымен бірге 95 пайыз тиімді коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты. Компания акцияларының бағасы жыл басынан бері 160 пайызға өсті. Осының арқасында BioNTech-тің 17% акциясына иелік ететін Шахиннің байлығы 4,2 миллиард долларға артты.
Стефан Бансель (АҚШ)
Moderna компаниясының бас директоры,. Компания коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты. Бұл вакцина да Pfizer вакцинасы сияқты, АҚШ-та қолдануға рұқсат етілді. Moderna акциялары жыл басынан бері 550 пайызға өсті. Bansel-дің активтері 4,1 миллиард долларға бағаланды.
Юань Липин (Қытай)
Шэньчжэнь Кангтай биологиялық өнімдерінің бас директоры Ду Вейминнің бұрынғы әйелі. Ол күйеуімен ажырасқаннан кейін Қытайдағы жетекші вакцина шығаратын компанияның 24 пайыз акциясын иемденді. Жыл басынан бері компания акцияларының бағасы 90 пайызға, ал Юаньнің байлығы 4,1 миллиард долларға дейін өсті.
Ху Кун (Қытай)
Contec медициналық жүйелерінің басшысы. Компания медициналық құралдарды, оның ішінде набулизаторларды, стетоскоптар мен тонометрлерді шығарады. Тамыз айында Ху Кун компанияны Шэньчжэнь қор биржасына шығарды. Ол компания акцияларының шамамен 50 пайызына иелік етеді. Акциялардың бағасы IPO-дан кейін 150 пайызға өсті. Оның қазіргі байлығы 3,9 миллиард долларға бағаланған.
Карл Хансен (Канада)
AbCellera компаниясының бас директоры. Компания жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларын және антиденелерді қолдана отырып емдеудің ең перспективалы әдістерін іздейді. Forbes Хансеннің байлығын 2,9 миллиард долларға бағалаған.
Тимоти Спрингер (АҚШ)
Moderna компаниясының негізін қалаушы. Компаниядағы оның үлесі – 3,5 пайыз. Жеке байлығы – 1,6 млрд доллар. Сонымен қатар, Спрингер басқа да бірқатар биотехнологиялық компанияларға қаржы құйып келеді.
Серхио Стеванато (Италия)
Stevanato Group компаниясының бас директоры. Компания әйнек флакондарын өндіру бойынша әлемде екінші орында келеді. Компания шығарған контейнерлер 40-тан астам коронавирусқа қарсы вакциналарға қолданылады. Стеванатоның байлығы 1,8 миллиард долларға бағаланған.
Суреттер ашық дереккөздерден алынды