Ұзақ өмір сүру үшін...
Жапондар неліктен ұзақ өмір сүреді? Оның бірқатар себептері бар. Аз әрі дұрыс тамақтану ұзақ өмір сүрудің сенімді тұсы. Сондай-ақ уақтылы ұйқы да өміріңізді мәнді ете түседі. Дені сау адам 8 сағаттан аз не кем ұйқтамағаны дұрыс. Өйткені көп немесе аз ұйқтау да кезекті бір аурулардың ишарасы болуы мүмкін.
Сонан соң адам психологиясы яғни ішкі жанның тыныштығы. Медицина мамандарның зерттеуінше Қытай елінің қарттары таңмен жарысып спортпен айналысады екен. Ұзақ өмір сүрудің тағы бір кепілі – ішімдіктен бас тарту. Ішкілікпен қатар темекі де ғұмыр ұзақтығын төмендетеді. Адам ұзақ өмір сүру үшін түрлі пайдалы көкөністерді, арықтауға арналған құрамында ақуыз бен майлар кездесетін тағамдарды, балық пен саңырауқұлақты жиі тұтынған дұрыс дейді.
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ағабек Қалбибі