Айдан қорқу – дерт

Селенофобия – адамның айдан қорқуы. Әркімнің өз жантүршігерлік қорқынышы болады. Селенофобияның не екенін білу үшін ең әуелі фобия қандай мағына беретінін түсіну қажет. Фобия ( грекше phobos – қорқыныш, дүрбелең) адамдардың жан дертімен астасып жатыр. Оған бейжай қарауға болмайды. 

image.png

Қоғамда тіпті фобиядан зардап шегетіндер көп. Мұндай адамдардың бойын әлдеқандай мазасыздық пен үрей билейді. Ал, үрейлену симптомның  бір түріне жатады. Айдан қорқу фобиясында табиғатқа және атмосфераға байланысты қорқыныш жағдайы кездеседі. Мәселен: жаңбыр, қатты дауыл, су секілді табиғи құбылыстарға деген адам бойынан кездесетін қорқыныш. Айдан қорқу симптомына шалдығудың басты себебі – бала кезде алған жарақаттан болады. Бала 4 және 8 жас аралығында табиғатты үйрену кезеңін ойдағыдай өткерсе, бұл іспетті қорқыныш түрлері адамда даму қаупін жояды.    

Айдан қорқу фобиясы көбіне балалық шақтың естен кетпес сұмдығы саналады. Фобия да аурудың бір түрі. Бұл ауруға душар болған адам ымырт кездерде айды көп ойлайтын көрінеді. Содан айдың бейнесін елестетуге қорқады екен. Жалпы, адамзатқа жаман ойлардан арылып, өз-өзіне деген сенімділікті арттырғаны абзал.

Серікбай Ақбота

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Айдан қорқу – дерт