100 орындық мектеп салынуда

Screenshot_7.jpg

Бүгінде елімізде демографиялық ахуал жақсарып келеді. Туу көрсеткіші жылдан-жылда артуда. Бұл қуантарлық жаңалық. Дегенмен бала көбейген жерде мектептер жетіспей жатады. Себебі мектеп бүкіл баланы ғимаратына сыйдыра алмайды. Осы себепті де еліміздің түкпір-түкпірінде мектептер санын арттыру қажет. Бұл жұмысты әкімдіктер тікелей бақылауда ұстағаны абзал. Бақылау болған жерде жұмыс та тез жүріп, сапасы да артады. Сапалы салынған мектепте бала еш алаңсыз оқу оқып, өзіне жүктелген міндеттерді орындайды. Қыстыгүні суық кабинетте дірдектеп отырмайды. Кабинет жетіспей сабақты дәлізде оқымайды. Айта берсе мысал көп. Міне осындай мәселелерді болдырмау үшін елімізде мектептер салынып жатыр. 

Осы орайда бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Мыңбұлақ ауылдық округі Бестоғай елді мекеніндегі құрылысы жүргізіліп жатқан 100 орындық Досан негізгі орта мектебінде болды. Қабырғасы қаланып жатқан мектептің құрылысымен танысқан аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы мердігер мекеменің өкілімен кездесті. Кездесуде мердігер мекеменің өкіліне мектептің құрылысы баяу жүріп жатқандығын сынға алды. Жұмысты ширатып, мерзімінде аяқтауды, тиісті бөлімге құрылыстың сапасын қадағалауды тапсырды. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 100 орындық мектеп салынуда