Түркістанның «Азық-түлік белдеуінде» екінші өнім жиналуда

ff0ae503-e697-4fc8-8873-73ca9677cfb7.jpg

Түркістан қаласының айналасында құрылған «Азық-түлік белдеуінде» «Түркістан Агро ХХI» ЖШС жаңбырлатып суару технологиясымен егілген екінші өнім жинау жұмыстарын бастады. Жиналған жем-шөп қорымен 1 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын және құны 6 млрд. теңгені құрайтын итальяндық технологиямен салынып жатқан «1200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы» инвестициялық жобасы қамтамасыз етіледі.

Инвестициялық жобаға итальяндық «Rota Guido» компаниясымен жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Нысанның бастапқы қаңқасы қаланған. Іші бетондалып, инфрақұрылым жұмысы толық аяқталған. Қажетті жабдықтар Германиядан жеткізілмек. Тәулігіне 30 литр сүт беретін Гольштейн тұқымды сауынды сиырлар Голландиядан әкелінеді. Жобаны 2022 жылдың ақпан айында іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде тұрақты түрде 60 жаңа жұмыс орны ашылып, облыста сүт өндірісінің көлемін арттыруға өз үлесін қосады.

22dbb041-95e5-4894-9371-74eb8dad4faa.jpg

– Осыдан 2,5 жыл бұрын жеке шаруашылықтарды біріктіріп, инвесторлармен қосып, ірі шаруашылықтарды ұйымдастыру мәселесін қолға алдық. Жоба үш бағытта жүзеге асуда. Жеке және қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы оларды техникалық жағынан қамтамасыз етіп, өнімділігін 2-3 есе арттыру көзделген. Жылына бірнеше өнім алып, мал азығын әзірлейді. Жаңбырлатып суару технологиясы ағын суды 30 пайызға үнемдейді. Осы тәжірибені облыс бойынша таратып жатырмыз,деді облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына арналған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету екендігін атап өтті. Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы Қазақстандағы ең қолайлы өңір екені белгілі.

«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында Түркістан қаласы айналасында 11 мың гектарға азық-түлік белдеуін құру жобасы жүзеге асырылуда. Негізгі бағыт, заманауи ылғал үнемдеу технологияларын қолдана отырып, бір алқаптан екі-үш өнім алу, еңбек өнімділігін еселеп арттыру болып табылады. Бүгінгі таңға азық-түлік белдеуінде 2 мың гектарға 44 бірлік жаңа технологиялық жаңбырлатып және барабанды суару қондырғылары орнатылды. Жыл соңына дейін қосымша 1 мың гектарға жаңбырлатып суару жүйелерін енгізіледі.

Тиімді технология дақыл түріне қарай ағын су шығынын азайтумен қатар, өнімділікті 2-3 есеге арттырады. Атап айтқанда, 2019 ж. «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-гі жер көлемі 1 210 га құрайтын 108 шаруа қожалықты біріктіріп, 733 га аумаққа АҚШ-тың «T-L» компаниясының 18 бірлік жаңбырлатып суару машиналарын орнатты және 26 бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникалары алынды.

Ағымдағы жылы 1 113 га аумақта мал азықтық дақылдары жоңышқа – 350 га, жүгері – 300 га және күздік бидай - 463 га егіліп, күздік бидай 543 тн (10,2 ц/га), жоңышқа 640 тн (10,8 ц/га), жүгеріден 4000 тн (130,3 ц/га) өнім алынды.