Мерекелік кештеріңізді көңілді етеді

image.png

Туризм бүгінде адамзат баласының айнымас бір бөлшегіне айналды. Ерте заманнан көшпелі ғұрып кешкен ата-бабамыз жайлаудан қыстауға қоныс аудара отырып, табиғатпен етен жақын болып отырған. Бүгінгі дамыған елімізде көшіп-қонып жүрмесек те табиғат аясына барып, саяхаттап тұруды әрбіріміз әдетке айналдырғанбыз.

image.png

 Көктем шыға Оңтүстіктің тұрғындары, сондай-ақ өзге де республикамыздың өзге де өңірлерінен келген қонақтар Төле би ауданына ат басын бұрады. Себебі климаты жайлы, табиғаты ерекше аймақ  демалыс үшін жаралғандай. Ауданда бүгінде көптеген заманауи демалыс орындары туристерге қызмет көрсетуде. Соның бірі Біркөлік шатқалында орналасқан «Ram tau» демалыс аймағы. 

image.png

      Демалыс орында сіз таза ауамен тынысап, заңғар тауларды тамашалай отырып уақытыңызды керемет өткізе аласыз. Таза әрі ыңғайлы бөлмелерде тынығып,  суы мөлдір бассейнге шомылып әрі орыс моншасына түсіп, сергуге болады. Сондай-ақ мұнда көңілді компаниямен караокеде ән шырқап, аспаздардың әзірлеген асынан дәм татуға мүмкіндік бар. Ал егер асты өзіңіз әзірлегіңіз келсе, онда мархабат... барбекю аймағы сізді күтеді. 

image.png

  «Ram tau» қызметкерлері сонымен қатар мерекелік кештерге, мерейлі даталарға немесе жиындарға тапсырыстар қабылдайды. 

Табиғат аясындағы қызықтар құр қалғыңыз келмесе, хабарласыңыз:  +77766769990

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мерекелік кештеріңізді көңілді етеді