«Батискафтың» ерекшелігі неде?

image.png                                         

Өткен жылы 47000 туристі қабылдаған Төле би ауданына биыл да демалушылар ағылып келуде. Күн жылынып, табиғат ояна бастаған уақыттан таудың пейзажы ерекше болатыны анық. Міне, осы кереметті сезінуге асыққандар аудандағы әсіресе тау бөктерінде орналасқан демалыс орындарына көптеп келуде. Бір сөзбен айтқанда қазір өңірде глэмпинг қызық тұр. 

image.png

Қасқасудың етегінде жатқан "Батискаф" демалыс аймағы туристерді өзіне тартып тұратын нысанның ірі. Табиғатпен оңаша қалуды қалайтындар үшін, отбасымен бірге керемет демалысты сезінгісі келетіндер үшін нағыз таптырмас жер. 

image.png

Мұнда  барлық жағдайы жасалған заманауи қонақ үйлер оналасқан.  Тәулігіне бір адамға бағасы 5000 теңге. 3-4 адамнан жоғары болса 4000 теңге. Ал 5-6 адамға 3000 теңге. Жеті жасқа дейінгі балаларға ақы алынбайды.   Жайғасып болған соң  демалушылар таудың бал қымызынан дәм татып, атпен серуендеп, велоспорпен де шұғылдана алады. Таза ауада кәуап пісіріп, айналадағы керемет табиғатты тамашалай алады.

 image.png

"Батискаф" демалыс аймағының бір ерекшелігі тау бөктеріне экскурсия жасауға мүмкіндік береді. Яғни туристер жақын маңдағы ежелден емдік қасиетімен елге тараған, аңызға толы «Күміс бор» үңгіріне саяхаттай алады. Ол үшін көлік те қарастырылған.   «Күміс бор» (Серебряный бор) үңгірі емдік суы бар табиғаттың көркем жаратылысы. Осы кереметті көзбен көру үшін көптеген туристер мұнда жаяу келіп, қасиетті судан алып кетеді. 

Брондау үшін:  +7 771 33 77 888

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Батискафтың» ерекшелігі неде?