«Ақ мешітке» аяқ басар туристер көп

image.png

Төлеби ауданы – Тәңір шарапатымен құт қонған, қыдыр дарыған, еліміздің қасиетті өлкесі. Біздің ардақты ата – бабаларымыз тарихымыздың кезеңінде дәл осы жерде елдігіміздің туын тігіп, өзгелермен терезесін теңестірген, Сақ тайпалары б.з.д. XIII ғасырда өмір сүрген. Бұл жерден сонымен бірге Ұлы жүз тайпаларының түпкі ата – бабаларының бірі болған Үйсіндердің өмірі мен шарушылығының іздері табылған. Біздің тауларымыз бен қырларымызда Ұлы Жібек жолы керуендерінің іздері сайрап жатыр. Апайтөс кең даладағы қазақ атты халықты өркените пен өрлікке, елдік пен ерлікке, бірлік пен тірлікке, ақыл – парасат пен бауырластыққа баулыған Есім хан мен Төлеби заманынан қалған сара жұрт.

image.png

Төлеби жері – ата тарихымыздың куәсі, елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған ата мұраларымызға өте бай өлке. Аудан аумағында 100 ден астам археологиялық, архитектуралық және тарихи ескетркіштер бар. Онда Сақ заманының қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары, қарауыл төбелер, обалар, сондай – ақ халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Жылақ ата», «Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Нұр ата», «Ақмешіт», «Мыңшейіт» секілді көпшілік мінәжәт ететін әулие жерлер көптеп кездеседі. Жер жаннаты Ақсу Жабағлы қорығы аймағының басым бөлігі осы ауданның бөктерінді орналасқан. 10 нан астам демалыс орындары мен туристік сауықтыру кешендері бар. 

image.png

   Тау туризмін  ұнататындар «Ақ мешіт» шатқалына жиі ат басын бұрады. Аңыз бен ақиқатқа толы мекеннің сұлулығы көз тартады. Мұнда жартастардан арқырап ағып жатқан сарқымалар бар. Еңүлкен сарқыраманың  биіктігі 30 метр.  Ақмешіт аймағындағы шипажайлар мен демалыс үйлері көктем, жаз және күз айларында демалушылардан бір босамайды. Туризмді дамытуда Біркөлік-Ақмешіт шатқалдарына бас жоспар жасалып, туристік нысандарға баратын жол торабына жол сілтегіштер және әжетханалар қойылған. Сондай-ақ мұнда көлікпен жету де қиындық тудырмайды. Сапалы инфрақұрылым жүргізілген. 

image.png

  Ақ мешіт шатқалы бүгінде ауданның туризм саласының дамуына өзіндік үлесін қосып отырған өлкенің бірі. Егер  қаланың у-шуынан шаршасаңыз «Ақ мешітке»  қарай жол тартыңыз. Өкінбейсіз!

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Ақ мешітке» аяқ басар туристер көп