Көз тартар, кербез сұлу – Сарыайғыр!

Screenshot_22.png

Туристік саяхат жасау - дене шынықтырумен бірге адамның дүние танымын да өсіреді. Ол тек қана демалудың тәсілі емес, адамдарды мәдени және рухани жағынан көтереді. Сол сияқты адамның денсаулығын да жақсартады. Туризм адамдарды табиғат көркімен, ерекше сұлу жерлермен таныстырады. Туған өлкеде саяхат жасау адамдардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Төле би ауданының аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, ұлттық парк және демалыс белдемелеріне бөлінген.  Әсіресе,  бүгінде өлкенің  қорықтық, ұлттық парк демалыс түрлеріне сұраныс жоғарылаған. Ауданның мақтанышы, ең көрікті қорғалған аймақтың бірі – Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі. Мұнда туристерге бірнеше  мекендерге  маршруттар ұсынылған. Соның ішінде   Сарыайғыр шатқалының жөні бөлек.  

Screenshot_23.png

Аталмыш шатқал - Төлеби ауданының көрікті жерлерінің бірі. Шатқал Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында теңіз деңгейінен 1800 метрдей биіктікте орналасқан. Сарыайғырға жол талғамайтын көлікпен, жылқымен немесе жаяу баруға болады.

Бұл жерден Сібір тау ешкісі(елігі), Тянь-Шань қоңыр аюы, Қазақстанның символы болып табылатын қар барысын кездестіруге болады. Сонымен қатар мұнда құстардың 300-ден астам түрі, 60-қа жуық сүтқоректі мекендейді. Олардың 10-ы «Қызыл кітапқа» енген.

Сарыайғырдың оң жағалауында күзгі уақытта аюлардың сүйіп тамақтанатын жері – ежелгі жеміс-жидек бағы. Бұдан әрі жол өзеннің сол жағалауымен жалғасады. Арша мен бұта өсімдіктері жүріп-тұруда едәуір қиындық тудырады. Алайда тау жоталарын ұнататын демалушылар үшін бұл кедергі емес. 

Screenshot_24.png

Шатқалдан 16 шақырым төмен жерде туристер мен қонақтар үшін алаң бар. Мұнда келген туристердің басым бөлігі табиғаттың әсем көркін тамашалап, күнделікті күйбең тіршіліктен демалуды көздейді. Шатқалдың ұлылығы мен сұлулығын жыл бойы байқауға болады!

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Көз тартар, кербез сұлу – Сарыайғыр!