Үздік туындыны талқылады
Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, жастарды әдебиетке құштарлығын ояту мақсатында Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында 2020 жылы Жыл кітабы болып таңдалып оқырманға жол тартқан Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, жазушы Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы бойынша пікіралмасу кеші өтті. Сонымен қатар, «Бір өлке –бір кітап» акциясы аясында көпшіліктің таңдауына ие болған ардагер жазушы Әдіһам Шілтерхановтың 3 томдық шығармалар жинағы мен жазушы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлының «Зобалаң» тарихи-деректі романы оқырмандарға таныстырылды.
Кеш қонағы , ф.ғ.к. Тоғатай Омаров жыл кітаптары туралы ой-пікірімен бөлісе отырып, рухани көкжиегімізді биіктететін жол-ол кітап оқу, ал «Абай жолын» оқу -ол өз ұлтыңның тарихын тану, өзіңді тану жолы екендігін жүректерге жеткізе айтты. «Дария» дамыту орталығының қызметкері Қабылбек Аширалиев, белсенді оқырмандар Есмаханов Әділбек, Еркін Рабиға өздерінің кітап оқудың өнегелі үлгісін көрсете білді. Кітапхана жанынан құрылған «Сырлы сөз» үйірмесінің кішкентай балғындарыАбай өлеңдерімен қарасөздерін жатқа оқып қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. Іс-шараны қорытылаған кітапхана директоры Закира Сембекқызы «Жанам деген жүрекке от беретін» рухани қазынамыз кітап екенін тілге тиек ете отырып оқырмандарды танымдық кештен тағылымды ой түюге шақырды.
Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін атқарылған жұмыстар тізбегі бұдан әрі де жалғасын табатын болады.