Шағын және орта кәсіп иелерінің саны 6,6 пайызға артты
Бүгінде Шымкент қаласында бүгінде 70 754 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны – 52 364, заңды тұлғалар - 15 165, шаруақожалықтар саны 3 225-ті құрайды.
Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мамандарының айтуынша, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға артқан. Олар 169,2 млрд.теңгенің өнімін өндірген.
Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікте 153 мың адам жұмыспен қамтылды. Ал жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 31,2 пайызға өскен. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 7,8 пайызға артып отыр.
Айта кету керек, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.
Ал аумағы 426 га жерді құрайтын Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтарынан биылғы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында қазынаға 1,3 млрд.теңге салық түскен.
Бұл туралы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады.
Оның айтуынша, индустриялды аймақтарда құны 126,7 млрд.теңгені құрайтын 124 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 6 мыңнан аса тұрғын жұмысқа тартылады. Оның ішінде 70,9 млрд.теңгеге 84 жоба іске қосылып, соның арқасында 4 мыңнан аса жұмыс орнын құрылыпты.
Сонымен қатар, осы жылдың 1 тоқсаны бойынша «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтарында 6 млрд.теңгенің өнім өндіріліп, экспортқа шыққан өнім құны 1,9 млрд.теңгені құрап отыр.