Алтынтөбеде қайта өңдеу өндірісінің құрылысы қызуда

Screenshot_72.png

Бүгінде қаладағы қайта өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатыр. 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов апта сайын кәсіптік нысандарға барып, өнеркәсіп орындарының ахуалымен танысып жүр. Соның бірі жуырда «Алтынтөбе» тұрғын алабындағы «Алан и Компания» ЖШС-нің көкеністер мен жемістер өңдейтін кәсіпорын құрылысын аралап көрді. 

Бүгінде тұрғын алапта қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. «Алан и Компания» ЖШС алма (39,5 га), шабдалы (2 га), алмұрт (2 га), жүзім (1,5 га) шаруашылығы бойынша жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Инвестиция көлемі – 400,0 млн. теңге. 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Одан бөлек, сиымдылығы – 1,3 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді. 

Жеке кәсіпкер 2021 жылы жеміс-көкөніс қайта өңдеу өндірісінің құрылысын жүргізуде. Инвестиция көлемі – 1 200,0 млн. теңге («АКК» АҚ-нан несие алынды). Құрал-жабдықтары Түркиядан әкелінеді. Бұл бағытта жалпы 30 адам жұмыспен қамтылады. Алда шырын, джем, пектин ұнтағы сынды өнім түрлері дайындалады. 

Сондай-ақ, голландиялық үлгідегі жылыжай кешенін салу жоспарда Инвестиция көлемі – 5,2 млрд.теңге. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге жер анықталып, «АКК» АҚ-нан несие алуға құжаттар жинақталуда.