Инвестор қолдауымен газ құю станциясы ашылды

Screenshot_83.png

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай экономика саласын дамытуда болашағы бар жобаларды қолға алу үлкен маңызға ие.Үшінші мегаполисте метан газын толтыратын компрессорлық станция іске қосылды. Жаңа бекеттің ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Жобаны жүзеге асырған отандық инвестор – «АГНКС Қазақстан» ЖШС.

Жаңа бекет жаңа жүйелермен жабдықталған. Отын сапасы мен қызмет көрсетудің ең жоғарғы талаптарына сәйкес келеді. 

Станцияның қуаты сағатына 2400 текше метрді құрайды, бұл күн сайын 200 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Жаңа 18 жұмыс орны ашылды. Құрылыс барысында 80 адам жұмыспен қамтылған болатын.

Қазіргі уақытта жанармай құю станциясында 3 қызмет көрсету бағаны жəне 6 жанармай құю орны бар. Олардың санын 5 бағанға дейін арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, қалада тағы бір компрессорды іске қосу жоспарлануда. Бұл қуаттылықты сағатына 3600 текше метрге дейін арттыруға жəне күн сайын 300 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін болады.