" />

" /> Алматыдан "SHymqala" этноауылына қонақтар келді--Diagnews.Kz

Алматыдан "SHymqala" этноауылына қонақтар келді

Screenshot_84.png

Ашық аспан астындағы қазақ ауылы Шымкент қаласында бұрын-соңды болмаған. Ал, онда келушілерге алтыбақаннан бастап, қаз-қатар тігілген киіз-үйлер ұсынылыпты.

Бірінде шеберлер домбыра құраса, келесісінде ұлттық киімдер тігілуде. Осылайша әр киіз үйде қала тұрғындарына шеберлік сабағы өткізілмек.

Бүгін "Shymqala" этноауылға Алматы қаласынан арнайы делегация келіп, қолөнер шеберлерінің жұмысымен танысып, бүлдіршін балаларына шеберлік сағат өткізді. "Көкбөрі" күйшілер тобы күй тарихынан сыр шертті. Этноауыл аспанында қазақ өнері асқақтады. Арнайы келген қонақтарға ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдарымыз ұсынылды.

Этно ауылда бұдан бөлек жәрмеңке де ұйымдастырылады. Туристерді тартуға арналған орталықтың ерекшелігі мұнымен бітпейді. Сондай-ақ театр шатыры мен ашық аспан астындағы сахна да құрылған. Салт дәстүр орталығының басшысы енді мұнда фотосессия жасап, той ұйымдастыруға да мүмкіндік берілетінін айтады.

«Адамдар келіп, беташар, қыз ұзату, тұсаукесер, құдалығын өткізуге болады. Оны біздің театр кәдімгідей әдемілеп, музыкасымен, хоровой әндерімен әдемілеп жасап береді. Барлығы ақылы түрде болады. Кіруі тегін. Қалғаны бөлек-бөлек ақылы төленеді. Фотосессия өткізуге арнайы киіз үйде костюмдар болады. Қонақтар келіп фотосессия жүргізе алады.