" />

" /> "Шымкентке 2200 жыл" пошталық маркасы жарық көреді--Diagnews.Kz

"Шымкентке 2200 жыл" пошталық маркасы жарық көреді

Screenshot_86.png

Биыл Шымкенттің 2200 жылдық тарихын ескере отырып жолға қойылып жатқан жобалар көп. Қала тарихынан сыр шертіп, бүгінгі келбетіне көрік қосарлық іс-шаралар жиі өтуде.

Тарихи деректемелерде айтылғандай, Ұлы Жібек жолындағы мәдениет және сауда орталығы болған Шымкент қаласының 2200 жылдығын мерекелеу ЮНЕСКО Бас конференциясының шешімі бойынша, 2020-2021 жылдарға арналған атаулы және мерейтойлық даталар күнтізбесіне енгізілді.

Осы орайда біз Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне "Қазпочта" АҚ-мен бірлесіп "Атаулы және мерейтойлық даталар" пошта маркаларының сериясы аясында мерейтойлық маркалар шығару туралы ұсыныспен жүгіндік. 

Біздің ұсынысымыз қолдау тауып, "Шымкентке 2200 жыл" маркасы жарық көретін болды!

Марка пошта төлемінің мемлекеттік белгісі және квазиақшаларға теңестірілген болғандықтан, оның дизайнымен сіздермен бөлісе алмаймын. Сондықтан шыдамдық танытып, күтіңіздер. Көп ұзамай марка жарыққа шығып, қала тұрғындарының мақтанышын оятатын болады деп сенеміз! Қазпочтаға барар болсаңыз қала символын көріп, қуанып қалатыныңыз анық. Ендеше сол күнді бірге күтейік.