Шебердің қолы ортақ

Screenshot_93.png

«Shymqala» этноауылда зергерлік бұйымдардың жасалу жолы, күмістердің қасиеттері мен түрлерінен Қазақстанның Суретшілер одағының мүшесі, зергер шебері Желдібаев Əшірбек «Шебердің қолы ортақ» атты шеберлік сағатын өткізді. Шараны «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиоларының Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ерсұлтан Әмірбек мырза жүргізіп, сүбелі сұхбат жасады. Қаламыздағы ЖОО студенттері, мектеп оқушылары шеберлік сағатқа белсенді қатысып, қолөнер бұйымдарына қызығушылықтары артып, рухани азық алды. 

Қазақ халқының зергерлік өнері ерте заманнан бастау алып, бүгінгі күнге дейін өзінің маңыздылығын жойған жоқ. Керісінше, шебердің қолынан шыққан бұйымдар жоғары бағаланып, ерекше сұранысқа ие. Сондай зергерлердің бірі – шымкенттік Желдібаев Әшірбек. Оның қолынан шыққан әрбір әшекей – әсіресе, қыз-келіншектердің сән-салтанатын арттыруда.

Бүгінгі шарада ұлттық әшекейлер жастарға, қыз-келіншектерге насихатталып, ұлттық құндылықтарымыз қайта жаңғырды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын іс-шаралар алдағы уақытта да "Shymqala" этноауылында көптеп ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын "Shymqala" этноауылын тамашалауға шақырамыз.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Шебердің қолы ортақ