Туристер QR код арқылы мәлімет ала алады

Бүгінде әлем күннен-күнге дамып келеді. Өмір цифрланып барады. Адамдар бүкіл ақпаратты жаңа технология арқылы алады. Көптеген процестер де осы технология арқылы жүзеге асады. Туристер бұрынғыдай қолына карта алып жүретін заман өткен. Қазір қолындағы смартфон арқылы барлық ақпаратты біле алады. Осыған орай «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 50 көшеге QR-коды бар тақтайша орнатылды.

Screenshot_5.jpg

Бұл тақтайшалар Әл-Фараби ауданындағы Ақжайық, Наурыз, Сәуле, Отырар, Көркем (Забадам), Химфарм, Самал-2 және Түркістан (Бам)шағынаудандарының орталық көшелеріне ілінген. 

«Аталған жұмыстар ағымдағы жылы өткізілетін «ҚР халқының ұлттық санағын» тиімді әрі жоспарлы түрде өткізуге мүмкіндік береді. Себебі тақтайшадағы QR-кодты тұрғындар ақпараттық көмек құралы ретінде пайдалана алады. Бұл бірегей қосымша орнатылған нысан жайында кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді», - делінген хабарламада. 

«Цифрлы Қазақстан» жобасын жүзеге асыру мақсатында өткен жылы Әл-Фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үй мен 75 көшеге QR код және индексі жазылған тақтайшалар орнатылған болатын. Кез-келген адам QR код арқылы көше туралы мәліметті біле алады.