Әуежай жанынан терминал салынып жатыр

Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласы мегаполис болғалы бері мұнда жан-жақтан келетін туристер саны артып келеді. Әсіресе әуе рейсі арзандағалы туристер қалаға ұшақ арқылы қатынайтын болды. Ұшақ арқылы келушілер саны тез өсуде. Осыған орай қалада әуежай мәселесін болдырмау басты назарда. Туристер қаланы ең алдымен әуежайына қарап бағалайды. Сол себепті де әуежай сапалы болып, туристер талғамынан шыға білу керек.

Қаланың туристік әлеуетін арттыру мақсатында Шымкентте әуежай жанынан жаңа терминал салынып жатыр. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов терминал құрылысымен танысты.

Сағатына 2 мың жолаушыны өткізе алатын, халықаралық маңызы бар нысанның құрылысы бүгінде қарқын алған. Құрылыстың барысын көрген қала басшысы мердігер мекемеге жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды. Қазіргі бұл жерде жер жұмыстары мен іргетасын құю жұмысы толық аяқталып, терминалдың қасбеттік жүйелерін монтаждау жұмысы жүргізілуде. 

Әуежай SCAT компаниясының инвестициялық жобасы. Жобаның жалпы аумағы 2,8 гектар болса, ғимараттың алаңы 35 мың шаршы метрді құрайды. Айта кетсек, өткен жылы әуежай алдындағы автотұрақты абаттандыру мен жаңа кірме жолды салу жұмысы аяқталған болатын.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Әуежай жанынан терминал салынып жатыр