Кәсіпкерден кәсіпкер шығады
Шымкентте бір топ кәсіпкер мұқтаж жандарға жақсылық жасау арқылы оларға кәсіп ашуға себепкер болды. Яғни кәсіпкер - мұқтаж азаматты кәсіпкер қылып шығармақ. Бүгін Қаратау ауданында кәсіпкерлер мен депутаттар аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетті.
Қайырымды азаматтардың демеушілігімен 562 отбасыға азық-түлік, киім және көмір үлестірілді. Ал 510 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары зообақты аралап, кинотеатрларға бару шараларына қатысты. 131 аз қамтылған отбасының балаларына мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтары берілсе, 5 көпбалалы отбасы
«Менің кәсібім» атты әлеуметтік жобасына қатысып,тігін машинасы, нан пісіру пеші, көлік жууға арналған техникалыққұрал-жабдықтар және шикізаттармен қамтылып, жеке кәсібін ашуға мүмкіндік алды. Бұл көмекті алған азаматтар жомарт кәсіпкерлерге алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта оларда кәсіптерін жолға қойып, өзгелерге қол ұшын созатынын айтты. Осылайша жақсылық соңы кәсіпкерліктің дамуына себеп болды. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік тұрмысы артатынын білдіреді.
Сонымен қатар коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында 11 235 отбасыға 286 178 медициналық маска таратылды.