Тұрғындарға "ақылды аялдамалар" қызмет көрсетеді

Screenshot_9.jpg

Шымкент қаласының көркін арттыру, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Әл-Фараби ауданында жолаушылар хабы саналатын 10 нүктеге «ақылды аялдама» салынады.

Жаңа үлгідегі аялдамаларды салу жұмысы демеушілер тарапынан жүзеге асырылады. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев инвесторлармен кездесіп, құрылыс жоспарын пысықтады. 

Мұндай бастамаларды жүзеге асырудағы басты мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау. Ал қоғамдық орындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аялдамаларға бейнебақылау камерасы да орнатылады. 

Аялдамаларда жолаушылардың ең басты қажеттіліктері саналатын желдеткіш пен тегін wi-fi, телефон қуаттағыш құрылғысы және көлік бағыттарын көрсететін жол картасы қаралған. Айта кетсек, жаңа үлгідегі аялдамаларды жыл соңына дейін ел игілігіне беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығымен қалада 65 аялдама орнатылады. Оның бүгінде 43 данасы толығымен аяқталды. 

Ал ауыстырылған ескі үлгідегі аялдамалар қаланың шалғай елді мекендеріне орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қалада 250 аялдама павильоны орнатылды. Оның 170 данасы ескі аялдаманың орнына, ал 80 данасы бос орындарға қойылуда. 

Қала орталығынан шыққан 170 ескі аялдаманың 60%- жарамсыз, ал 40%-ы шалғай аудандардағы бос орындарға орнатуға жарайды. Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде, 2025 жылы қала аялдама павильонымен толық қамтамасыз етілетін болады.