Шымкентте туризм саласын дамытқысы келетін кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Screenshot_5.jpg

Елімізде туризм саласын дамыту ерекше қолға алынуда. Мемлекет туризм саласына бет бұрған кәсіпкерлерге қолдау көрсетпек. Осы арқылы туризм саласының дамуы жеделдетіледі. Шымкент қаласында туризм саласын дамыту бойынша түрлі жобалар жүзеге асуда. "Visit Shymkent" туристік ақпарат орталығының директоры Айдарәлі Рамановтың айтуынша, жергілікті кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек. 

Айдарәлі Раманов биыл елімізде туризм саласын дамыту бойынша қабылданған жаңа заңда туристік нысандар салатын кәсіпкерлер үшін инвестициялық жеңілдіктер қарастырылатынын айтады. Соған сәйкес қаржылай қолдау тетіктерінің де ауқымы кеңейді.

– Биылдан бастап елімізде турист салығы енгізілуде. Ол бір тәулікке адам басына шамамен 500-1500 теңгені құрайды. Аталған салық жергілікті әкімдікке түседі. Жиналған қаражат туризм саласын дамытуға жұмсалады. Тағы бір мүмкіндік, егер сіз кәсіпкер болып қоғамдық әжетхана соғатын болсаңыз айына 83 мың теңге күтіп-баптауға беріледі. Ал туристерге арналған автобус сатып алған жағдайда 25 пайыз қаржысын мемлекет субсидиялайды. 500 миллион теңгеден көп мөлшерде инвестиция құйып туристік нысан соғатын болсаңыз, онда 10 пайыз ақшасын мемлекет арқылы субсидиялау көзделген. Әрбір шетел азаматы туристік компанияға келетін болса, 20-25 пайыз қосымша субсидиялау қарастырылған, - дейді Айдарәлі Әмірәліұлы.

Алдағы уақытта Шымкентте кәсіпкерлерге мұндай қолдау жалғаса бермек.