Дүкен сөресінде «Пионер» ұны көбейеді

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындар өнім көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Солардың бірі астық өндіретін «Pioneer Grain Products» ЖШС-гі. «Пионер Элитная», «Пионер Стандарт» сауда белгілері бойынша ұнның төрт сұрыпын өндіретін серіктестік жаңа технологиялар мен құралдар қолдана бастаған.

Бұл орайда бидай ұнының құрамында нанның қасиетін кемітпейтін А дәрумені, тиамин, рибофламин, никотин қышқылы және тағы да сондай адам ағзасына пайдалы заттар жойылып кетпейді. Тұтынушының талғамына сай өнімге сұраныс артқан.

Аталған компания өткен жылы «Forte Bank» АҚ-тан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие алған. Жылдық 15% -дық мөлшерлемемен мақұлданған несиенің 9% -ын «Даму» Қоры субсидиялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін созу туралы шешім қабылдап, бұл мақсатқа бөлінетін қаржының көлемі кемінде 1 трлн теңге болатынын айтқан болатын.

Шағын және орта кәсіпкерлікке көрсетіліп жатқан осындай қолдаудың арқасында бүгінде Шымкент қаласының экономикасының өсуіне ықпал етіп отырған кәсіпкерлік нысандары көбейген. Олар жұмыссыздықтың азаюуына да септігін тигізеді.

Ал, «Pioneer Grain Products» ЖШС-інің ұн шығаратын зауыты өнім көлемін арттырып, тәулігіне 500 тонна астық өндіруде. Қазіргі таңда 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Диірменде Солтүстік Қазақстан өңірінің диқандары өсірген бидай өңделеді.

20 жылдан астам уақыт астық өндеумен айналысатын кәсіпорынның дайын өнімдері - Қазақстан, Орталық Азия, Ресей, Қытай мемлекеттеріне жіберіледі.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Дүкен сөресінде «Пионер» ұны көбейеді