Шымкенттік шаруалар 37 млрд.теңгенің өнімін жинайды

Screenshot_3.jpg

Инвестицияны көптеп тартудың арқасында дамуға қол жеткізген Шымкенттегі тағы бір сала – ауыл шаруашылығы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шаруалар 442 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірсе, бүгінде агроөнеркәсіп кешенінің өндіріс көлемі 37 млрд.теңгеге жуықтайды.

Шымкентте биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 29,3 мың га жерге егілді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық.

Егін жинау жұмыстарына 791 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды, 7 жаңа трактор сатып алынды. Оның ішінде 3 дана шетелден және 4 дана отандық трактор алынды. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасымен 2 техника субсидияланды.

Пандемияға қарамастан диқандардың орасан еңбегінің нәтижесінде Шымкентте сегіз айда 80 мың тонна өнім жиналды, оның ішінде дәнді дақылдар - 14,4 мың тонна, майлы дақылдар – 3 мың тонна, көкөніс, бақша - 42,7 мың тонна, картоп - 3,1 мың тонна, мал азықтық дақылдар - 16,8 мың тонна. Бұл жоспардың 93,7 пайызы орындалғанын көрсетеді. Барлық астықтың сапасы жоғары және барлық талаптарға сай келеді.

Жиналған өнімнің көлемі 28,5 млрд. теңгеге жетті. Жыл соңына дейін 29,3 мың гектар егіс алқабынан жалпы 85,4 мың тонна өнім жиналса, жалпы өнім көлемі 37 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.