Киелі орындар қалпына келтірілуде

Screenshot_3.png

Қазір Шымкент қаласының туризм басқармасы көне қаланы турисификациялау мен музейфикациялау бойынша жұмыс жасап жатыр. Әсіресе, қалаға қосылған Сайрам елді мекеніндегі киелі орындарды қалпына келтіру, реновациялау жұмыстары қолға алынған.

Туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында туризм басқармасының ұсынысымен Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік деңгейдегі ТОП-50 Туристендіру картасы нысандарының тізбесіне бірнеше нысан енгізілген. Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарды туризмге дайындау жұмыстары қолға алынды. «Қызыр» мұнарасы меценаттардың қолдауымен абаттандырылды. Қалада орна­ласқан 30 туристік нысанға 3 тілді аудиогиді бар QR-төлқұжаттар жа­салған. Оларға бағыттайтын 30 сіл­те­мелік стелла орналастырылды. Ту­рис­тік инфрақұрылымды дамыту аясында туристік автобустарға арналған тұрақтар жасалуда. Алғашқы нүкте Әл-Фараби алаңында жүзеге асқан болатын. Алдағы уақытта мұндай тұрақтар Бәйдібек би ескерткіші, Шымкент-цирк, Наурыз алаңы, Дендросаябақ және Ордабасы алаңында да пайдалануға беріледі. 

Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2GIS электрондық навигациялық жүйесіне енгізілетін «Сайрамның сакралды объектілері», «Жастарға арналған», «Фотоаймақтар» және т.б. жаңа дербес бағыттар әзірленген.

Мамандардың мәліметінше биылғы бес айда қалаға келуші туристердің саны 71 156 адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 149,1%-ға ұлғайған. Ішкі туризм бойынша келушілер саны – 69 733, кіру туризмі бойынша – 1 423 адам. 2025 жылға дейін Шымкентке баратын турист саны бір миллионға жуықтамақ. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Киелі орындар қалпына келтірілуде