Украиндықтарда Шымкенттің туристік жобалары таныстырылды
Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының қызметкерлері Украинаның Киев қаласында өткен "UITM" халықаралық туристік көрмесіне қатысты. Көрме аясында Украинаның ең әйгілі "World Travel" туристік журнал редакторларымен кездесу өтіп, ақпарат алмасумен қатар, жарнамалау бойынша келісімшарт жасасуға уағдаласты.
"UITM" туристік халықаралық көрмесіне қатысушы Болгария мемлекетінің Туризм министрлігіне де Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан ынтымақтастық жөніндегі толық ақпараттық турлар мен роуд шоулар өткізу бойынша келісімшарт жолданбақ.
Одан өзге, ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлымен басқарма қызметкерлерімен кездесу аясында Шымкент қаласының туристік жобалары мен бағыттарымен танысып, үшінші мегаполистің туристік тартымдылығының артуына үлес қосатынын айтты. Сонымен қатар, әуе рейсін ашу бойынша ұсыныс берді.
Айта кетейік, Шымкент қаласының туризм саласын дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 5 орында. Оның ішінде резиденттер (ҚР азаматтары) бойынша да 5 орын болса, резидент еместер (шет ел азаматтары) бойынша да 5 орынға жайғасқан.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, биыл бес айда қалаға келуші туристердің саны – 71 156 адамға жетіп, ағымдағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (47 741 адам) 149,1%-ға ұлғайған. Ішкі туризм бойынша келушілер саны – 69 733 адам, кіру туризмі бойынша келушілер саны – 1 423 адам.
Статистикалық деректер бойынша үш айда орналастыру орындарында 99 756 төсек-тәулік ұсынылып, төсек-орын (бір жолғы сыйымдылық) саны – 4 889 бірлікті құрап, 111,5%-ға артып отыр.