Ерлан Қыдыров: Ішкі туризмді бірге дамытайық!

 Screenshot_5.png

Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Маратұлы және Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар Басқармасының басшысы  Ерлан Қыдыров  Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Майкл Спенстің қатысуымен өткен онлайн пікірталасқа қатысты.

Онлайн жиында әлемде, оның ішінде Қазақстан мен Орта Азияның экономика тұрғысында дамуы, цифрландыру, экология, энергетика сынды ауқымды салалардағы жаңа трендтер жайында сөз қозғалды. Нобель сыйлығының лауреаты бүкіл әлем үшін, Қазақстан мен Орталық Азия үшін де экономикалық дамуға қажетті маңызды көрсеткіштерін айтып, қысқаша талдап өтті.

"Шымкент қаласы да дәл осы салалардан бөлек туризм бағытындағы жаңашылдықтардан да шет қалмайды. Әрбір тәжірибе, әрбір трендтегі жаңа дүние, одан өзге, біздің креатившіл жастарымыздың да әр ұсынысы мен ойын жеке назарыма алатын боламын. “Ішкі туризмді бірге дамытайық” деген жерлестерден ұсыныс-қолдау күтемін",- дейді Ерлан Қыдыров. 

Айте кетейік, жақында ғана «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі және конкурсы өткен болатын. Форум-көрмеде қаламызда туризм индустриясын дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Барлығы 70-тен аса жоба өтінімі түскен сайыста IT-жоба, креативті архитектура, туризм саласындағы креативті қызметтер, қаланың қолөнер бренды және гастрономия сынды 6 бағыт қамтылды. Әр жобада мегаполисті креативті қалаға айналдыру мақсаты көзделген.